Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы ғарыштық бақылау аясында 9 мыңнан астам қоқыс тастайтын жер анықталды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халық алдында берген есебінде айтты.
Министр рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастаудың көбеюі өршіп тұр. 2019 жылы ғарыштық бақылау аясында 9 мыңнан астам қоқыс тастайтын жер анықталды. Министрлік қоқыстарды жою бойынша кесте құрды. 400 мың тонна қоқыстың 30%-ы жойылды. Бұл Ақтөбе облысы немесе Нұр-Сұлтанда жылына жиналатын қалдықтың көлеміне тең, - деді ол.
Мағзұм Мырзағалиев бірқатар өңірде қоқысты жою төмен деңгейде сақталғанын айтты.
Атап айтсақ, Ақтөбе, Ақмола облыстарында қоқыс жою үлесі 3%-ды құрап отыр. Рұқсат етілмеген қоқыстардың мәселесін шешу үшін жаңа экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көлікке GPS-датчигін орнату қарастырылған, - деді министр.Сондай-ақ министр бүгінде орташа есеппен тариф 200 теңгені құрап отырғанын жеткізді.
Инвесторлардың тартылуы үшін тарифті он есеге арттыру керек. Біз олай жасай алмаймыз. Осы орайда біз еуропалық тәжірибені зерттедік. Ең дұрыс шешім -"Waste to energy" технологиясын енгізу. Бұл тетік арқылы қоқыс электр энергиясына айналады. Осылайша, саланың инвестициялық тартымдылығы артады, жеке компаниялар біздің елге келеді деп сенеміз, - деді министр.
Оқи отырыңыз: