Былтыр 3 мыңға жуық адам еңбек етіп жүріп жарақат алған

25 Мамыр 2024, 08:05
302
Бөлісу:
Былтыр 3 мыңға жуық адам еңбек етіп жүріп жарақат алған
Фото: Артём Чурсинов

2023 жылы елімізде еңбек қызметіне байланысты 2670 адам жарақаттанып, сырқат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Жазатайым оқиғалардың негізгі бөлігі ірі және орта кәсіпорындарда болған – 2244 зардап шегуші.

Жарақаттанудың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды облысында сақталып отыр. Былтыр бұл аймақта 496 жағдай тіркелді.

Салалар бойынша жарақаттанғандар үлесі:

  • өңдеу өнеркәсібі – 34,1%
  • тау-кен өнеркәсібі – 20,5%
  • құрылыс – 14,1%.

Жазатайым оқиғадан болған жарақаттың негізгі түрлері жабық сынықтар (611 адам), сыртқы жарақат (507 адам), шайқалудан болған жарақат және ішкі ағза жарақаттары (276 адам), ашық сынықтар (138 адам), термикалық күйіктер (102 адам) болды.

Зардап шеккендердің жалпы санынан әйелдер үлесі — 18,2%.

Есепті жылы ең көп таралған кәсіптік аурулар: дорсалгия — спецификалық емес арқа ауруы (414 адам); құрамында кремний бар шаңнан туындаған пневмокониоз (136 адам).

Өзгелердің жаңалығы