Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы тұрғыны Жандос Құрманбаев қаладағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бұзақылардың сарбаздарды ұрып жатқан видеосын жариялады. Оқиға 5 қаңтар күні болған.
Видеода сап түзеп келе жатқан ерекше мақсаттағы полиция сарбазының біріне бірнеше адам жабылып, тепкінің астына алған. Бұзақылардың қолдарында таяқ және арматура сияқты заттар бар. Сол күндері мен Алматыдағы оқиғалардың куәгері болдым. Дәл менің тереземнің түбінен 5 қаңтар күні сағат 14:40-та 1200 ұлттық гвардияның сарбаздары мен 500 арнайы жасақ әскері өтті. Олардың артынан іле-шала таяқ, арматура, әскерилерден тартып алынған қалқан және каскалармен қаруланғандар тобы жүрді, - дейді желі қолданушысы.
Оның айтуынша, өздерін «митингке шығушылар» ретінде көрсеткендердің қарасы 3 мыңға жуық. Олар 17 мен 25 жас арасындағы жастар. Кейін олар дүкен сөрелерін сол таяқтармен сындырып, тонаған.