БҰҰ сарапшылары Қазақстанға консультативтік сапармен келді

25 Мамыр 2022, 21:00
1445
Бөлісу:
БҰҰ сарапшылары Қазақстанға консультативтік сапармен келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ-ның сарапшылары Қазақстан бітімгерлік контигенттің дайындығына баға берді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанға БҰҰ-ның Бейбітшілікті қолдау операциялары департаментінің сарапшылары консультативтік сапармен келді. Бітімгершілік дайындық орталығына (ҚАЗЦЕНТ) барудағы басты мақсаты – оның қызметімен танысу және қазақстандық бітімгершілік контингенттің дайындық әлеуетінің жүйесі шеңберінде БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларына қатысуға дайындығын айқындау.

Сарапшылар бітімгерлердің оқу процесінің негізгі бағыттарын, соның ішінде ағылшын тілін оқыту мен халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын зерделеді. 

БҰҰ сарапшылары Қазақстанға консультативтік сапармен келді

Алматы облысының Тілендиев ауылындағы Бітімгерлерді дайындау оқу-жаттығу орталығында практикалық іс-қимылдар көрсетілді. 

Бірікккен бөлімшенің бақылау-өткізу және қадағалау пункттерінде қызмет атқару, гуманитарлық жүкті алып жүру, маңызды объектілерді күзету, жергілікті халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу және сол аймақты патрульдеу тапсырмаларын пысықтады. 

Сарапшылар ұшқышсыз басқарылатын аппараттар бөлімшелерінің іс-қимылын, олардың техникалық мүмкіндіктерін, оларды бақылау және ақпарат жинау қабілетін бағалады.

Инженерлік-саперлік бөлімшелердің мамандары қолдан жасалған жарылғыш заттарды табу және оларды жою іс-қимылдарын орындады.

Қорғаныс министрлігінің әскери медицина орталығында болған БҰҰ-ның өкілдері ҚР ҚК әскери қызметшілерінің әскери-медициналық дайындық деңгейін көрді.

Сапардың қорытындылары бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік әлеуетінің әзірлік жүйесінің ілгерілеу мүмкіндігіне, қару-жарақпен, әскери және арнайы техникамен, медициналық, тылдық және басқа да мүлікпен жарақтандырылуына, сондай-ақ Қазақстанның бітімгершілік контингентінің дайындық деңгейіне алдын ала баға берілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы