Біріккен Ұлттар Ұйымының пошта әкімшілігі Нью-Йоркте Қытай ай күнтізбесіндегі Жаңа жылға орай айдаһар маркаларының жиынтығын шығаратын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ people.cn-ге сілтеме жасап.
Айдаһар пошта маркасы жиынтығы әрқайсысы 1,50 доллар тұратын 10 маркадан тұрады. Бір пошта маркасының сол жақ жартысында - Біріккен Ұлттар Ұйымының эмблемасы, ал оң жақ жартысында - қытайлық дизайнер Пан Ху жобалаған бұлт арасында ұшқан айдаһар бейнесінің суреті бар. Бұлттың ішіне пион гүлі салынған.
БҰҰ-ның пошта әкімшілігі алғаш рет 2010 жылдың мамырында Қытай жыл мүшелдері мазмұнындағы маркаларын шығарған еді. Ал 2021 жылға дейін жалпы 12 маркадан тұратын Қытай жыл мүшелдерінің алғашқы сериясын шығаруды аяқтады.