БҰҰ: Ормуз бұғазын ешбір ел бұғаттауға құқылы емес

Бұғаз арқылы өтетін кеме қозғалысы шектеулі болғанымен, кез келген блокада әлемдік экономикаға кері әсер етеді.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 01:29
Бүгiн 2026, 01:29
111
Фото: depositphotos.com

Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) Ормуз бұғазының жабылуы халықаралық құқыққа қайшы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Ұйымның бас хатшысы Арсенио Домингес Лондонда өткен брифинг барысында халықаралық кеме қатынасы үшін пайдаланылатын бұғазды ешбір мемлекеттің бұғаттауға құқығы жоқ екенін атап өтті.

Халықаралық құқыққа сәйкес, елдер халықаралық кеме қатынасы жүзеге асатын бұғазды жаба алмайды, – деді ол.

Домингестің айтуынша, бұғаз арқылы өтетін кеме қозғалысы шектеулі болғанымен, кез келген блокада әлемдік экономикаға кері әсер етеді.

20 мың теңізші транзит жасай алмай отыр. Бұл жаһандық саудаға соққы болып, жағдайды ушықтыруы мүмкін, – деді IMO басшысы.

Оның пікірінше, бұғазға қатысты кез келген қосымша шектеулер қақтығысты шешуге емес, керісінше, жағдайды күрделендіруге алып келеді.

Наверх