БҰҰ-да еліміздің есірткімен күрес бойынша тәжірибесі таныстырылды

12 Наурыз 2025, 21:07
329
Бөлісу:
БҰҰ-да еліміздің есірткімен күрес бойынша тәжірибесі таныстырылды
PHOTO
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

БҰҰ-ның 68-сессиясында жастар арасында есірткімен күрес бойынша Қазақстан тәжірибесі таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше,  Аустрияның Вена қаласында БҰҰ-ның есірткі заттары жөніндегі комиссиясының (CND) 68-ші сессиясы өтті.

БҰҰ-да еліміздің есірткімен күрес бойынша тәжірибесі таныстырылды

Кездесудің негізгі тақырыбы – есірткіге тәуелділік пен қылмыстың алдын алу шараларына жастарды тарту.

Сондай-ақ қатысушылар қоғамды есірткі қаупінен қорғауға арналған институционалды шараларды талқылады.

БҰҰ-да еліміздің есірткімен күрес бойынша тәжірибесі таныстырылды

Қазақстанды халықаралық алаңда БҰҰ ЕҚБ аймақтық жастар желісінің бөлігі саналатын Esbol Qory қоры таныстырды.

Қор есірткіге қатысты вирустық контентті анықтап, оны бұғаттайтын "MERGEN" ақпараттық жүйесін таныстырды. 

Бұл жүйенің көмегімен Қазақстан аумағында 4000-нан астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталған.

Өзгелердің жаңалығы