«БҰҰ-әйелдер» құрылымы Аида Балаеваға Құрмет грамотасын табыстады

28 Маусым 2021, 19:36
2816
Бөлісу:
«БҰҰ-әйелдер» құрылымы Аида Балаеваға Құрмет грамотасын табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өкілі Мария Доценкомен кездесуі өтті.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Іс-шара басында Мария Доценко Аида Балаеваға гендерлік теңдікті ілгерілету бойынша белсенді жұмысы үшін «БҰҰ-әйелдер» құрмет грамотасын тапсырды.

«БҰҰ-әйелдер» құрылымы Аида Балаеваға Құрмет грамотасын табыстады

Министр қазақстандық әйелдердің мемлекет пен қоғамның экономикалық және саяси өміріндегі рөлі, сондай-ақ олардың жан-жақты дамуы үшін жағдайлар туралы айтып берді. Аида Балаева Қазақстан гендерлік ағартуды ілгерілету, ауылдағы әйелдерді қолдау, балалар мен әйелдерге қатысты отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін үнемі шаралар қабылдап отыратынын атап өтті.

Тараптар гендерлік теңдікті ілгерілету, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетін растады.

Еске сала кетейік, «БҰҰ-әйелдер» - Біріккен Ұлттар Ұйымының Гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы. 


Өзгелердің жаңалығы