БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Қазақстанға келеді

11 Наурыз 2023, 14:53
791
Бөлісу:
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Қазақстанға келеді
Фото: egemen.kz

Біріккен ұлттар ұйымының Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Фолькер Тюрк Қазақстанға келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан мен Өзбекстанның шақыруы бойынша комиссар 13 наурызда Орта Азиядағы екі мемлекетке бескүндік сапарын бастайды. 

Жоғары комиссардың елімізге 16-17 наурызда келетіні белгілі болды. Ол Астанада 17 наурыз күні баспасөз конференциясын өткізеді. Оған тек қана БАҚ өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Фолькер Тюрк сонымен қатар Қарақалпақстан астанасы – Нүкіс қаласына да барады. Ол жерде Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына арналған іс-шарада сөз сөйлейді. 

Өзгелердің жаңалығы