Бұрынғы түлектер университетке зертхана сыйға тартты

4 Маусым 2023, 16:42
655
Бөлісу:
Бұрынғы түлектер университетке зертхана сыйға тартты
Фото: Торайғыров университетінің баспасөз қызметі

Торайғыров университетінің 1998 жылғы түлектері қара шаңырақтарына гидрометаллургия зертхананы сыйға тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Әлеуметтік саладағы менеджмент, МООС-1 тобының түлектері зертхананың ашылуына арнайы келіп, оқиған университіне құрал-жабдық сатып алуға сертификат тарту етті. Айта кетейік, осындай көмек жоғары оқу орнының эндаумент-қор құру шеңберінде көрсетілді.

Торайғыров университеті түлектеріне өздері білім алған білім ошағының дамуына атсалысуға бір ай бұрын ұсыныс жасадық. Нәтиже берді. Алғашқы донорларымыз пайда болды. Бұрынғы студенттер, қазіргі біліктк мамандар қара шаңыраққа осылайша қолдау көрсетті. Енді гидрометаллургтерді даярлау әлдеқайда сапалы болады, - дейді университет ректоры Еркін Садықов.

Еске сала кетсек, ірі университет Гарвард сияқты өз эндаумент-қорын ашты. Торайғыров университеті жеке эндаумент-қорды іске қосу арқылы халықаралық тәжірибе негізінде жұмыс істемек.

Мамандардың айтуынша, жеке жинақтау қорын ашу халықаралық деңгейде қолданысға енген және кеңінен тараған тәжірибе. Бұл қаржылық құралдың көмегімен университеттер инвесторларды тартып, білім беру, зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында дами түседі. Бүгінде осы тектес қорлар алдыңғы қатарлы әлемдік университеттер, кітапханалар мен музейлерде бар.

«Эндаумент-қор «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы