Бурятиядағы кеніште қазақстандықтың қаза табуы: Директор ұсталды

Тергеу болжамы бойынша, ол қар көшкіні қаупіне қарамастан, адамдарды қауіпті учаскеге жіберген.

 Бурятия Республикасының прокуратурасы Бүгiн 2026, 11:38
Бүгiн 2026, 11:38
102
Фото: Бурятия Республикасының прокуратурасы

Бурятияда қауіпсіздік ережелерін бұзды деген күдікпен кеніш директоры ұсталды. Оның әрекеті алты адамның өліміне әкеп соқты.

Тергеу мәліметтері бойынша, кәсіпорын басшысы қар көшкіні қаупіне қарамастан, жұмысты жалғастыруға бұйрық берген.

Айта кетейік, 24 сәуірде дәл осы учаскеде оқыс оқиға орын алып, екі жұмысшы жарақаттанып, ауруханаға түскен болатын. Соған қарамастан, директор қауіпті аумаққа тағы тоғыз адамды жіберген.

Қар көшкіні кезінде тек үш адам ғана аман қалды, қалған алты адам қаза тапты. Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр.

Бұған дейін не болды?

Қайғылы оқиға 28 сәуірде Муя ауданындағы «Ирокинда» кенішінде технологиялық жолды тазалау кезінде болды.

Бұған дейін қаза болғандардың арасында Қазақстан азаматы бар екені хабарланған болатын.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қар көшкіні салдарынан Қазақстан азаматының қаза тапқанын растайды, - деп хабарлады ведомстводан.

Құтқару қызметтерінің мәліметінше, қар астында тоғыз адам қалған. Үш адам өздігінен шығып үлгерсе, алты адамның денесі кейінірек іздестіру операциясы кезінде табылды.

Бұған дейін Қазақстан СІМ елшілік Ресей органдарымен байланыста екенін хабарлаған болатын. Ведомство жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Енді не болады?

Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін ҚР СІМ Бурятиядағы кеніште қазақстандықтың қаза тапқанын растады.

Тағы оқи отырыңыздар: 

Ресейдегі қар көшкіні: Қазақстан азаматы қаза тапты

Абай облысында шахтадағы апат: Марқұмның артында үш баласы қалды

Ақмола облысындағы зауытта төтенше жағдай болып, екі адам зардап шекті

Наверх