"Қазгидромет" бірнеше өңірде бұршақ жауып, шаңды дауыл соғатынын ескертті

29 Шілде 2019, 10:05
2634
Бөлісу:
"Қазгидромет" бірнеше өңірде бұршақ жауып, шаңды дауыл соғатынын ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері ауа райының құбылмалы болуына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жасады.

29 шілдеде таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл күтіледі. Кей жерде шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Шымкент қаласында 29 шілдеде таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

«Түркістан қаласында 29 шілдеде кей уақытта шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген ведомсто хабарламасында.

29 шілдеде Ақмола облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

29 шілдеде Қызылорда облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде кей жерде күші 15-20, күндіз 15-20, кей жерде 25 м/с күтіледі.

Синоптиктер болжамынша, Нұр-Сұлтан қаласында 29 шілдеде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жауу ықтимал. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сонымен қатар, 29 шілдеде Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерде түнде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Қостанай қаласында 29 шілдеде найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз 15-20 м/с күтіледі.

«29 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді», - деп жазылған Қазгидрометтің хабарламасында.

Орал қаласында күндіз 28 шілдеде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18м/с күтіледі.

29 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде найзағай ойнап, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Петропавл қаласында 29 шілдеде найзағай ойнап, күндіз дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

 

 

Өзгелердің жаңалығы