Бұршақ, жаңбыр жауады: алдағы үш күнге ауа райы болжамы

9 Мамыр 2025, 21:48
375
Бөлісу:
Бұршақ, жаңбыр жауады: алдағы үш күнге ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com

"Қазгидромет" РМК 10-12 мамыр аралығында еліміздегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Оңтүстіктен жеткен циклон әсерінен көптеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Нақты болжам:

• 10 мамырда солтүстік пен оңтүстік-шығыста;

• 10-11 мамырда шығыс өңірлерде;

• 11 мамырда батыс аймақта қатты жаңбыр жауады;

• Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Температуралық өзгерістер:

• Солтүстік-батыста түнгі температура 6-16 градустан 10-20 градусқа дейін, күндіз 18-26 градустан 20-35 градусқа дейін жоғарылайды;

• Солтүстікте түнгі температура 10-17 градустан 5-13 градусқа дейін, күндіз 17-27 градустан 13-23 градусқа дейін төмендейді;

• Оңтүстікте түнгі ауа райы 12-20 градус жылы болса, күндіз температура 24-32 градустан 28-37 градусқа дейін көтеріледі;

• Қалған өңірлерде айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Мамандар тұрғындарға ауа райының құбылмалы болуына байланысты алыс сапарлар мен дала жұмыстары кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы