Бұршақ аралас жауын мен аяз күтіледі

16 Мамыр 2023, 08:04
1082
Бөлісу:
Бұршақ аралас жауын мен аяз күтіледі
Фото: ok-inform.ru

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз сипатта болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ синоптиктер болжамына сілтеме жасап.

Найзағайлы жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте, ҚР орталығында бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік, шығыста тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болады, – дейді синоптиктер.

Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында 1-3 градус аяз күтіледі.

Қызылордада, Түркістан қаласы, Ақтөбе, Ұлытау, Алматы облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады, - деп атап өтті синоптиктер.

Өзгелердің жаңалығы