Бурабайдағы «Көкше» тауында орман төсемі өртенді

14 Шілде 2023, 01:14
657
Бөлісу:
Бурабайдағы «Көкше» тауында орман төсемі өртенді
Фото: BAQ.KZ

Облыс әкімінің басшылығымен жедел штаб жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін, 13 шілдеде сағат 16.12-де Бурабай ауданындағы «Көкше» тауында орман төсемі өртенді.

Алдын ала болжам бойынша жану алаңы 0,14 гектарды құрады.

Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен 120-дан астам адам мен техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, өртті сөндіруге су ағызу құрылғысы бар Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды.

Өрт сағат 18.25-те оқшауланды.

Оқиға орнында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың басшылығымен жедел штаб құрылды.

Өзгелердің жаңалығы