Бурабай vs Түркия: Депутат Мұқаев ел туризміне екі қойды

30 Маусым 2023, 10:23
1174
Бөлісу:
Бурабай vs Түркия: Депутат Мұқаев ел туризміне екі қойды
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Қазақстанның туризмін сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат сегізінші шақырымда көп мәселе айтылып, халықпен тығыз жұмыс істеле бастады және ашықтық пайда болғанын айтты.

Сонымен қатар ол «Депутат болған қиын ба әлде журналист болған қиын ба?» деген сұраққа былай деп жауап берді.

Қандай саланың болмасын оңайы жоқ. Өз жұмысына берілген адамға оңай ештеңе жоқ, барлық нәрсе қиындықпен келеді. Сол себепті әр саланың өз қиындығы да, жеңілдігі де бар, - деді Дәулет Мұқаев Мәжілістің кулуарында.

Ол алдағы екі айға жоспарын бөлісті.

Жоспарда ел-жерді аралау тұр. Бірінші кезекте Астана, одан кейін Абай облысы, Шығыс Қазақстан облысы бар. Маңғыстауға да, Алматыға да шақырды. Шілденің аяғында демалысқа Алакөлге барамын. Тамыздың басында депутат болмай тұрып алып қойған Түркияға жолдамам бар. Отбасыммен барамын, - деп айтты Мұқаев.

Депутаттан Қазақстанның туризміне қатысты ойын біліп көрдік.

Қымбат, қызмет көрсету нашар, жол жоқ. Туризмге 5 деген бағадан 2-3 деген бағаны қоямын. Бурабайдағы бес жұлдызды қонақ үйлердің бағасын алып қарасақ, бала-шағамен 2-3 күнге баратын болсам, миллион теңгеден асып кетеді. Ал Түркияда тағамығымен қоса бір аптаға демалыс дәл осы бағада тұр. Мысалы, біз жақта тең таңғы асы ғана беріледі, - дейді депутат.

Дәулет Мұқаев бұл кемшілік өзімізге сын екенін айтты.

Елде туризм өте қымбат. Бұл 30 жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселе. Демалыс орындарының басшылары арандары ашылмай, «қанағат қарын тойғызады» дегенді түсінуі керек. Туризмді халыққа қолжетімді етуі қажет. Қолжетімді болса, бәріміз барамыз, - деп толықтырды ол сөзін.

Өзгелердің жаңалығы