Бурабай тұрғыны 4 әйелді өлтіргені үшін 15 жылға сотталуы мүмкін

6 Желтоқсан 2020, 11:46
1205
Бөлісу:
Бурабай тұрғыны 4 әйелді өлтіргені үшін 15 жылға сотталуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бурабай тұрғыны төрт әйелді өлтіргені үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы  KTK арнасы хабарлады.

Айта кетейік, кеше Ақмола облысы, Бурабай кентінде ер адам төрт әйелмен өлтіргені туралы хабарлаған болатынбыз.  

Қылмыскер оларды пышақтап, кейін полицияға қоңырау шалып, қылмысы туралы хабарлаған. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына жіберілді.

Полиция қызметкерлері қылмыс орнын мұқият тексерді. Пәтерде алкоголь бөтелкелері табылды, барлық жер қан болған. Әйелдердің денелері әртүрлі бөлмелерде болған. Кісі өлтіру құрбандары - зейнеткер, оның қызы және олардың екі досы.

Тергеушілер қылмыскердің пәтерге қалай кіргені және қылмыстың себебін жария етпеді. 

Жоғарыда айтылғандай, полиция қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған Бурабай кентінің 28 жастағы тұрғынын анықтады. Кісі өлтіргені үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы