Бұқтырма су қоймасында екі демалушы құтқарылды

Демалушылардың қайығы қайраңға тұрып қалған.

 istockphoto.com 30 Тамыз 2026, 19:11
30 Тамыз 2026, 19:11
113
Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында құтқарушылар қайығы қайраңға тұрып қалған екі ер адамға көмек көрсетті. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

Оқиға Алтай ауданындағы Қаз аралында болған. Демалушылар өздігінен жағаға қайта алмай, құтқарушылардан көмек сұраған.

ТЖМ қызметкерлері қайықты қайраңнан шығарып, екі ер адамды жағалауға дейін жеткізді.

Демалушылардың жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, су түбінің ерекшеліктері мен ауа райы жағдайларын ескеру қажеттігін еске салды.

Наверх