Буллинг, сталкинг және киберқылмыс: Көкшетауда студенттерге маңызды құқықтық мәселелер түсіндірілді

1 Қазан 2026, 09:55
АВТОР
 Ақмола облысының прокуратурасы 1 Қазан 2026, 09:55
1 Қазан 2026, 09:55
170
Фото: Ақмола облысының прокуратурасы

Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 180 студентіне кезекті «Құқықтық сағат» өткізді. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері, Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің, Ақмола облысы прокуратурасының, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ақмола облысының прокуратурасы

Іс-шараның негізгі мақсаты жастардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын арттыру, студенттердің заңнаманы сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу болды.

«Құқықтық сағат» барысында адам құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету, оның ішінде әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелері, сондай-ақ жастар ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алудың өзекті аспектілері қаралды.

Буллинг пен сталкингтің алдын алу, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, сондай-ақ жастардың алаяқтық схемалар мен қаржы пирамидаларының қызметіне тартылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар студенттерге киберқылмыс пен есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың, ерте жүктіліктің алдын алу шаралары, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді.

Ақмола облысының прокуратурасы

Іс-шара интерактивті форматта өткізілді. Студенттер көтерілген мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды және өз құқықтарын қорғау мен заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша практикалық түсініктемелер алды.

Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жастар ортасында «Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыруға ықпал етеді.

Наверх