"Бүлінген қора-қопсықты қалпына келтірмейміз". Министр азаматтарға ескерту жасады

23 Сәуір 2024, 13:29
318
Бөлісу:
"Бүлінген қора-қопсықты қалпына келтірмейміз". Министр азаматтарға ескерту жасады
Фото: Үкімет

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан үйлері бүлінген азаматтарға қандай көмек берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шарлапев су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың үйі қалпына келтірілетінін, алайда монша мен қора-қопсы қалыпқа келтірілмейтінін айтады.

Су қиратқан үйлердің ауласындағы уақытша құрылыстарды мемлекет қалпына келтірмейді. Төтенше жағдай заңы бойынша біз тек баспанамен қамтамасыз ететін боламыз. Қазіргі таңда 100 АЕК көлемінде өтемақы берілуде. Ең басты міндет – баспанамен қамтамасыз ету. Аз ресурстарды қораға, басқасына жұмсауға болмайды, – деді ол.

Ол Ақтөбе облысында құрылыс жұмыстары басталғанын атап өтті.

Ал Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында дайын жаңа баспана кілттері табысталып жатыр. Бұл жұмыстар басқа да өңірлерде жалғасын таппақ, – деді құрылыс министрі.

Өзгелердің жаңалығы