Бүлдіршіндер балабақшада тегін тамақтанады

2 Қараша 2023, 15:53
578
Бөлісу:
Бүлдіршіндер балабақшада тегін тамақтанады
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйымға 1 млн-ға жуық бала барады. 2-ден 6 жасқа дейін бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші – 89,5%. Орын тапшылығын шешу үшін балабақша ашылуы жалғасады. Биыл 81 мың жаңа орын пайдалануға беріледі, - деді министр.

Бейсембаев атап өткендей, мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында Балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы әзірленіп жатыр.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізу арқылы ата-аналардың құжаттарды жинауы қажет етілмейді, барлық дерек автоматты түрде расталады.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтылды. Салаға кәсіби мамандарды тарту мақсатында қыркүйек айынан бастап тәрбиешілердің жалақысы 30%-ға артты және бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады, - деп атап өтті Оқу-ағарту министрі ОКҚ-да.

Өзгелердің жаңалығы