Бұл Жолдау «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасының нақтыланған тұсаукесері – Бахретдинов

1 Қыркүйек 2022, 16:37
1508
Бөлісу:
Бұл Жолдау «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасының нақтыланған тұсаукесері –  Бахретдинов

«Ұлан-ғайыр Дала Елі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Валихан Бахретдинов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерген бастамаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан саяси реформаларды жалғастырып жатыр. Аса маңыздысы – сайлау жүйесін бірыңғайлыққа келтіру, бұл саясат ережелерінің түсінікті болуына үлес қосар аса маңызды бастама. Келешекте саяси үрдісті дамыған елдердегідей құруға жол ашады және келешекте бұл жүйені өзгертуге аса қиынға түсетіндей құқықтық механизмдерді енгізу әбден маңызды деп ойлаймын» – деді сарапшы.

Қоғамдық бірлестік жетекшісі Президент атап өткен Жоғарғы сот кеңесі төрағасын Парламенттің сайлауы бастамасы сот жүйесінің дамуына әкелетінін айтты.

Менің ойымша, Қазақстанда сот үкімдерінің ортақ базасының жасалуы үлгі боларлық құқық жүйесінің ең тиімді жақтарын енгізуге саяси ынта барының белгісі. Оған қоса, 7 жылдық Президенттік мерзім Қазақстанда тек бір рет толығымен өткерілген болғандықтан (1999-2006), оның саяси жүйеге әсері туралы саяси талдау жасау әлі ерте. Менің саясаттанушы ретінде көзқарасым, бес жылдық екі мерзімді президенттік үлгінің сақталуы тиімдірек еді, әрі Француз Республикасында өзінің саяси өмірге бейімділігін көрсетті, – деп пікір білдірді Валихан Бахретдинов.

Сарапшы Премьер-министрдің кеңсесінің қайта құрылу бастамасы да қуантқанын, көптеген жыл бойы Президент әкімшілігінің құрылымын қайталап отырған бұндай саяси бастаушы үкіметтің жұмысына теріс әсерін тигізетінін айтты. Ол Кеңсенің ықшамдалуы жұмысты тездетеді деп сенеді.

Асылында, осы жолдау саяси жаңалықтарға толы болғанығына қарағанда 2000 жылдардың басындағы Президенттік жолдауларды есіме түсірді. Бәлки, бүгінгі жолдауды «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасының нақтыланған тұсаукесері әрі жол картасы деп түйіндеуге болады. Ал орта деңгейлі Республиканың азаматы ретінде, әрине, бұл Жолдауды көппен көрген ұлы тойға ұласатын келешектің бастамасы деп қабылдағым келеді, – деп сарапшы сөзін түйіндеді . 

Өзгелердің жаңалығы