Бұл сапарға айырықша мән беріледі - Қасым-Жомарт Тоқаев

13 Қыркүйек 2022, 20:17
2460
Бөлісу:
Бұл сапарға айырықша мән беріледі - Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим папасына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аса қадірлі Рим папасы, құрметті кездесуге қатысушылар! Бүгін шын мәнінде еліміз үшін тарихи күн. Рим папасы Франциск Қазақстанға алғашқы рет апостолдық сапармен келді. Осы ретте менің шақыруымды қабыл алғаны үшін мәртебелі мейманымызға тағы да шынайы ризашылығымды білдіремін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Рим папасының сөз сөйлеу рәсімінде.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

Сіздің сапарыңыз осы мерейлі межеге тұспатұс келіп отыр. Біз бұл сапарға айырықша мән береміз. Себебі бүгінгі кездесу түрлі саладағы ынтымақтастығымызды жаңа белеске көтереді. Мен бұған кәміл сенемін. Басқосуға еліміздің жоғары лауазымды тұлғалары мен көрнекті дінбасылар, азаматтық қоғам және дипломатиялық корпус өкілдері арнайы жиналды, - деді Президент. 

 Президент дәл қазір әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығып тұрғанына тоқталды.

Біз әлемдік өркениеттің қазіргі ахуалы, жаһандық саясаттың өзекті мәселелері және жалпы діннің мән-маңызы туралы сіздің пасторлық сөзіңізді тыңдауға ықыластымыз. Қасиетті Рим Папасы, осы мүмкіндікті пайдалана отырып сіздің бүкіл әлемдегі қызметіңізге жоғары баға бергім келеді. Сіз Қазақстанға адамзат тарихындағы айырықша кезеңде келіп отырсыз. Халықтар отбасы жар шетінде тұр деуге болады. Өйткені геосаяси шиеленіс артып, жаһандық экономика зардап шегіп жатыр және этникалық, діни төзімдер арасында толқын-толқынмен ушығып тұр. Бұл тіпті жаңа нормаға айналып барады. Сондықтан түрлі мәдениеттер мен діндердің салиқалы адамдары адамзатты ортақ данышпандықпен және энергиямен әріптестік пен өзара қолдау идеясына біріктіруі керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы