Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Сайыров VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанынан Қоғамдық палата құру туралы ұсынды.
Біздің елімізде түбегейлі саяси реформалар, қоғамдық процесстерді жаңарту үрдісі жүріп жатыр.Конституциялық өзгерістер жақын арада еліміздің барлық аумағына қоғамдық диалог пен саяси плюрализмге негізделген мүлдемге жаңа саяси ландшафт қалыптастыратындығы сөзсіз.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде «Конституцияға енгізілген өзгерістермен бірге мемлекеттің саяси жүйесі өзгермек. Елді басқарудың жаңа үлгісі пайда болады» деп атап өтті, - деді Сайыров.
Ол атағандай, осы тұрғыда Парламент билік тармақтарындағы халық өкілдігінің басты институты.
Мәжіліс төңірегінде біздің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық процесстер үрдісіне байланысты Парламент, Үкіметпен азаматтық қоғам арасындағы терең, жан-жақты диалог алаңын жасау заман талабы.Мәжілісте қазірдің өзінде заң шығару шеңберінде азаматтық қоғам, сарапшылар қауымдастығымен оңтайлы қарым-қатынас жүйесі қалыптасқан. Заң шығару процессінде сарапшылар қауымдастығы өкілдері нәтижелі еңбек етіп жатыр, - деді ол.
Оның айтуынша, құрылғалы отырған Қоғамдық Палата Ұлттық Құрылтай форматын творчестволық тұрғыда дамыта отырып, Мәжіліс пен азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар қауымдастығы арасындағы байланыстарды жүйелі түрде нығайтуға серпін береді.
Әлемде көптеген Парламент жанында қоғам мен өкілетті органдардың қарым - қатынасын жүйелендіріп, демократияның индикаторы ролін атқаратын Қоғамдық Палаталар институты жан-жақты дамыған, - деді ол.
Ал Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгінгі талқыланып жатқан мәселе өте өзекті екенін атап өтті.
Бұл – қойшыны көбейту емес. Бұл – бізге тағы бір қосымша алаң ашу. Президент айтты ғой, пікірталастар әр алуан. Олардың барлығы көшеде емес, Мәжіліс қабырғасында өтуі керек деді. Біз кері байланыс орнатуымыз керек қой. Мәжілістер осы жерге келсін, талқылайық. Бүгінгі таңда бізге келетін сын көп. Заң шығарушылар қоғамнан алыстап кетті деген пікір бар. Палатаның құрамы өзгеріп тұрады. Басым көпшілігі депутаттар, басым көпшілігі қоғамдық өкілдер болады, - деді ол.