Бұл – оңай шаруа емес. Премьер-министр ел экономикасын өсіру керегін айтты

14 Ақпан 2023, 11:40
641
Бөлісу:
Бұл – оңай шаруа емес. Премьер-министр ел экономикасын өсіру керегін айтты

Экономиканың осы өсу қарқынын сақтап қалуымыз керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін қаңтарда Қазақстан экономикасы 5,6%-ға өскенін айтқан болатынбыз.

Сонымен қатар елімізде автомобиль жасау 27,5%-ға, ал компьютер жасау 29,6 % өскен. 

Биылдың басы ел экономикасының серпінді дамуға бағыт алғанын көрсетіп отыр. Экономиканың осы өсу қарқынын сақтап қалуымыз керек. Бұл - бүгінгі геосаяси жағдайда оңай шаруа емес, - деді Үкімет басшысы.

Смайылов үйлесімді жұмыс пен тиімді үйлестіруді экономиканың барлық саласында қамтамасыз ету керегін айтты.

Ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыруға және шикізаттық емес    өнім көлемін ұлғайтуға басымдық берілуге тиіс. Шағын және орта бизнестің әлеуетін кеңейтіп, дамуға жағдай жасауымыз керек. Тартымды инвестициялық климат құрып, инвесторлармен белсенді диалог жүргізу қажет. Инвестициялардың құрылымын қосылған құны жоғары тауарларды өндіру жағына қарай ұлғайту керек, - деді ол Үкімет отырысында.

Смайылов Үкімет дәстүрлі салалармен ғана шектеліп қалмай, жоғары технологиялық өндірістерге де баса назар аударуы қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар, сәуір айынан бастап «Инвестиция орнына тариф» саясатын сапалы енгізуді қамтамасыз ету маңызды, - деп толықтырды Премьер-министрі сөзін.

Өзгелердің жаңалығы