Бұл неткен әлеуметтік теңсіздік? Назарбаев Қаскелең, Талғар, Астанадан жерді заңсыз иеленген – Сайыров

24 Тамыз 2022, 16:27
1571
Бөлісу:
Бұл неткен әлеуметтік теңсіздік? Назарбаев Қаскелең, Талғар, Астанадан жерді заңсыз иеленген – Сайыров
VIDEO

Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы кезінде Кеңес төрағасы Ерлан Сайыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сайыров күн тәртібіндегі мәселені талқыламас бұрын ел мен жұрттың жағдайына тоқталып кетті. 

Инфляция деңгейі өте жоғары. Халық кедейленіп барады. Жанар-жағармайдың бағасы шарықтап кеткен. Солярканың литрі 450 теңгеге жетті, қарапайым шаруа қалай күн көреді?, - деді Сайыров. 

Ол бұл мәселе Мәжілісте жан-жақты қаралатынын атап өтті. 

Сонымен бірге біз ығайлар мен сығайлардың  жемқорлық, протекция істерінен сабақ алуымыз керек. Болат Назарбаев деген қазақстадық  азамат 5 жыл мерзімде Қаскелең, Талғар, Астана қалаларында коттедж қалашығын және әкімшілік ғимарат және базар салуға 244 гектар болатын 59 жер телімін алған деген ақпарат бар. Сол кісінің атына берілген құжаттар менің қолымда. Ол жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген млн доллар тұрады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2 млн азамат 10 соттық жер ала алмай телміріп жүр. Бұл неткен әлеуметтік теңсіздік? Конституциядағы теңдік принциптері қайда? Осындай әлеуметтік жағдай халықтың ашуын туғызатыны сөзсіз. Мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады, - деді Ерлан Сайыров.

Ол Кеңес аппаратына осы мәселемен терең айналысуды тапсырды. 

«Жер аманат» комиссиясымен берігіп, бұл мәселені түбіне дейін жеткізіңіздер, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы