Бұл – науқан емес. Аймағамбетов педагогтардың мәртебесі туралы айтты

27 Қаңтар 2022, 13:21
1704
Бөлісу:
Бұл – науқан емес. Аймағамбетов педагогтардың мәртебесі туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Асхат Аймағамбетов айтты.

Өте маңызды мәселенің бірі – педагогтардың статусы, олардың мәртебесі туралы жұмыс. Бұл – науқан емес. Бұл бір жылда не екі жылда ғана атқарылып, одан кейін тоқтала салатын жұмыс емес. Ол – біздің жүйелі және әрі қарай жалғасын табатын жұмыс, - деді Асхат Аймағамбетов.

Білім министрі бұл мәселе бойынша біршама жұмыс атқарылғанын айтты.

Бұл бағытта біраз жұмыс атқардық. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында педагогтардың жалақысы артты. Әрине, қолдау болмағанда бұл мәселелер шешілмес еді. Қазірдің өзінде педагогтардың жалақысы көбейді. Биылдың қаңтарынан бастап тағы 25%-ға көбейді. Сондай-ақ келесі жылғы бюджетте де бұл қаражат қарастырылған. Сондықтан тек қаржы мәселесіне ғана қарамай, сапаны қамтамасыз етуіміз керек, - деп атап өтті еліміздің бас ұстазы.

Өзгелердің жаңалығы