Бұл мейрам береке-бірлігімізді арттырады – Қошанов

9 Шілде 2022, 08:55
1763
Бөлісу:
Бұл мейрам береке-бірлігімізді арттырады – Қошанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті қазақстандықтар!
Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыз үшін бұл мейрамның мән-маңызы ерекше.

Құрбан айт – елдің береке-бірлігін, ырыс-ынтымағын арттыратын, адамдарды игі істерге ұйытқы болуға үндейтін қастерлі мейрам.
Бұл күндері жұртшылық мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға ұмтылады. Құрбан айт ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеп, көп ұлтты халқымызды ұйыстыра түседі. Сондықтан бұл мерекенің ұрпақ тәрбиесіне, рухани сабақтастықты нығайтуға берері мол деп білемін.

Осынау шуақты мейрамда сіздерге мықты денсаулық, құт-береке және елімізге амандық тілеймін!
Айт қабыл болсын!

Өзгелердің жаңалығы