Бұл медаль маған тосыннан келмеді - Ислам Сатпаев

7 Тамыз 2024, 10:16
1570
Бөлісу:
Бұл медаль маған тосыннан келмеді -  Ислам Сатпаев
Фото: автордан

Нысана көздеуден Олимпиаданың қола жүлдегері Ислам Сатпаев журналистерге Олимпиададағы қызықтарын айтып берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл медальға аса таңғала қойған жоқпын, өйткені ол маған тосыннан келмеді. Себебі біз осы уақытқа дейін жақсы дайындалдық. Көп жаттығулар жасап, психологиялық, моральдық тұрғыда жұмыс істедік. Көрсеткіш бұдан да жоғары болар еді. Дегенмен қолаға да қанағат. Еліміздің қоржынына түскен алғашқы медаль болғандықтан, ерекше ықыласқа бөлендік,- дейді Ислам Сатпаев.

Спортшы алдағы уақытт спорттық мансабын әрі қарай жалғастырып, келесі Олимпиада ойындарында алтын жүлде алуға уәде берді.

Бұл медаль маған тосыннан келмеді -  Ислам Сатпаев

Біздің келесі мақсатымыз – АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, жеңіспен оралу. Париж Олимпиадасында медаль алған кезде, кеудемді мақтаныш кернеді. Себебі бұл Олимпиада ойындарының тарихында 28 жылдан кейін алған медаль болды . Болашақта көк туымызды көкте желбіретіп, әнұранмызды Олимпиадада шырқаймыз деген үміттемін,- дейді спортшы.

Еске салайық, пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы