Бұқаралық спорт - болашақ кадрлар мен олимпиада чемпиондарының ұстаханасы

2 Қыркүйек 2021, 18:25
6290
Бөлісу:
Бұқаралық спорт - болашақ кадрлар мен олимпиада чемпиондарының ұстаханасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында «Қазақстан спортын трансформациялау» жобасының жетекшісі Қамбар Омаров айтты. 

Оның айтуынша, жоба Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан құрылған.

Жоба жетекшісінің сөзінше жоба спортты дамытудың жүйелік іс-шаралары мен стратегиялық бағыттарын әзірлеуге бағытталатын көрінеді.

Жобаның негізгі мақсаты – дені сау спортсүйер ұлтты қалыптастыру. Ал біздің елімізде қазіргі таңда халықтың небәрі 30%-ы ғана айналысады. Кеңес кезеңінде бұл көрсеткіш 70-80%-ға тең болатын, - деді Қамбар Омаров.

Сондай-ақ маңызды міндеттердің бірі – балалардың бұқаралық спортын дамыту болып отыр.

Балалар мен жасөспірімдер гаджетке тәуелді болып барады. Мемлекет басшысы кешегі Жолдауында бұқаралық және балалар спортын дамытуға тағы да назар аударды. Бұқаралық спорт – бүкіл жоғары жетістіктердің негізі, болашақ кадрлар мен олимпиада чемпиондарының ұстаханасы. Сондықтан бұл екеі бір-біріне кедергі келтірместен қатар дамуы тиіс, - деді Қамбар Омаров.

Өзгелердің жаңалығы