Бүгінгі күні қауіпсіздік мәселесі өте өзекті – Нарушиге Мичишита

13 Шілде 2023, 16:49
1125
Бөлісу:
Бүгінгі күні қауіпсіздік мәселесі өте өзекті – Нарушиге Мичишита

Бұл туралы «Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» форумында Токиодағы Ұлттық саяси зерттеулер институтының (GRIPS) вице-президенті және профессоры Нарушиге Мичишита айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Қазақстанға алғаш рет келіп отырғанын айтты.

Қазақстанға бірінші рет келіп отырмын. Қонақ болып келуге мүмкіндік алғаныма қуаныштымын, - деді ол форумда.

Нарушиге Мичишита бүгінгі күні қауіпсіздік мәселесі өте маңызды екенін айтты.

Қазіргі кезеңде қауіпсіздік, терроризм мәселелері өте өзекті бола түсті. Қазір қырғи қабақ соғыс сияқты риторикалар пайда болып жатыр. Бұл халықаралық деңгейге өтіп отыр. Сонымен қатар демографиялық теңсіздік, тұтастай алғанда теңсіздік, саясаттың, саяси шешімдердің өзгеруі жаһандық әртүрлі пікірлердің пайда болуына алып келуде, - деп айтты шетелдік сарапшы.

Мичишитаның айтуынша, осы тұрғыдан алып қарағанда халықаралық институттардың атқаратын рөлі зор.

Яғни мұндай институттар халықаралық процестерге ықпал етеді. Мысалы, ойлау тұрғысында, - деп ойын айтты жапониялық сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы