Бүгінгі ауа райы болжамы

19 Қазан 2022, 08:11
678
Бөлісу:
Бүгінгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 19-ы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 19-қазан күні атлантикалық циклон ойпатының ықпалымен және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады (жаңбыр, қар), Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында күндіз нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Тек Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында антициклон сілемінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 23-25 метрге дейін күшейюі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы