Бүгінгі Ассамблеяның рөлі өзгерді – Рожин

24 Сәуір 2025, 16:08
627
Бөлісу:
Бүгінгі Ассамблеяның рөлі өзгерді – Рожин
VIDEO
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Максим Рожин Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясынан соң Максим Рожин бүгінгі Ассамблеяның рөлі өзгергенін айтады.

ҚХА-ның ішкі құрылымы мен алға қоятын талаптары да өзгерді. Соңғы 3 жылда өткен сессияларда аңғарсаңыздар Мемлекет басшысы "бірлік болмаса, өсім болмайды" деген сөздерді жиі қайталайды. Бұл бекер емес, өйткені сырттағы болып жатқан дүниелер біздегі этностарға әсер етеді. Онымен қоса, еліміздегі этносаясқа әсерін тигізеді. Сол себепті егер "Қазақстан халқы Ассамблеясы алдары уақытта қандай істер атқару қажет" деген сауалға келер болсақ, бірінші кезекте, сыртқы әсерден ішкі бірлігімізді сақтауымыз қажет. Ассамблеяның осы уақытқа дейін өзгерген тұстары көп, жасаған дүние де баршылық, - деді ол.

Депутат "Ассамблеяның болашағы бар ма, жұмысы тоқтауы мүмкін бе" деген журналистердің сауалына жауап қатты.

Бейбітшілікке деген сұраныс әркез болған. Осы сұраныс бар кезде Ассамблеяның да жұмысы маңызды деп білемін, - дейді Рожин.

Еске салайық, бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті. Оған Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев қатысты.

Өзгелердің жаңалығы