2019 жылдан бері 76 Президенттік жастар кадр резерві қысқа мерзмді оқыту курстарынан өтті. Бұл жайында Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл ОКҚ өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ерлан Әбілдің мәлімдеуінше, резервшілердің біліктілігін арттыратын семинар-тренингтерді отандық және шетелдік мамандар жүргізеді. Қатысушылар мұндай оқуға тегін қатыса алады.
Брифингте іріктеудің әділ өтуі қатаң бақыланатыны да айтылды.
Бір кандиттың жауабын үш сарапшы қарайды. Сондай-ақ, «Е-қызмет» порталында мемлекеттік қызметке кіруді онлайн ету үшін пилоттық жобаны қолға алдық. Бұдан бөлек, өңірлерде кадрлық резерв жетіспеушілігі байқалады. 2024 жылдан бастап өңірлік кадрлық резервін қалыптастыру үшін жұмыстарды бастаймыз. Қазіргі таңда барлық нормативтік құқықтық актілер қабылданды, -деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев ОКҚ алаңында.
Еске салсақ, Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуде өзгеріс енгенін хабарлаған едік. Сонымен қатар Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 6 кезеңнен тұратынын да жазған болатынбыз.
Назерке Өтеген