«Қазгидромет» РМК бүгін, 22 сәуірде Қазақстанның бірқатар қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, ауа сапасының нашарлауы Өскемен, Семей, Атырау, Ақтөбе, Талдықорған және Алматы қалаларында байқалады. Сонымен қатар түнгі уақытта Астана қаласында да осындай жағдай қалыптасуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және ауа инверсиясы жатады.
Мамандардың айтуынша, мұндай кезеңде елді мекендерде ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.