Бүгін Түркиядан 19 студент елге ұшып келеді

7 Ақпан 2023, 17:14
7987
Бөлісу:
Бүгін Түркиядан 19 студент елге ұшып келеді

Бүгін Түркиядан 19 студент елге ұшып келеді. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір Түркиядағы дипломаттарымыз осы елдегі Қазақстан азаматтарымен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Студенттер арасында тиісті ақпарат таратылды. Біздің азаматтарға көмектесу және үйлестіру үшін Мерсин және Конья провинцияларындағы Түркиядағы Құрметті консулдар да жұмысқа қосылды. Мерсин қаласындағы консул, Түркия азаматы Ахмет Бодан қонақ үйде Қазақстанның 25 азаматын,оның ішінде 19 студентін панамен қамтамасыз етті, - деді Смадияров.

СІМ ресми өкілінің айтқан мәліметінше, консулдың ұйымдастыруымен олар Анкараға жеткізілген.

Бүгін олар (студенттер - ред.) «Анкара-Астана» бағытымен Қазақстанға қайтады. Конья қаласындағы консул Мұстафа Кабакчи 12 қазақстандық студентке Аданадан Стамбұлға жетуге жәрдемдесті, - деді Смадияров брифингте.

Өзгелердің жаңалығы