2025 жылғы 17 мамырға қараған түні Қазақстанда eGov.kz электрондық үкімет порталы мен оған байланысты бірнеше жүйелер жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл жөнінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Себебі түнгі сағат 00:00-ден таңғы 08:00-ге дейін жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Осы уақытта төмендегі қызметтер қолжетімсіз болады:
- eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы (соның ішінде «Цифрлық құжаттар» бөлімі);
- e-Otinish, E-license платформалары және ашық үкімет ресурстары;
- ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) сервистері;
- Электрондық үкімет шлюзі арқылы жұмыс істейтін банктік қосымшалар мен басқа да жүйелердегі мемлекеттік қызметтер.
Азаматтарға осы кезеңге маңызды операцияларды жоспарламауға және қажет болған жағдайда құжаттардың қағаз түпнұсқасын өзімен алып жүруге кеңес беріледі.