Бүгін тек Теміртаудың ауа сапасы нашарлайды

9 Қыркүйек 2020, 08:18
1209
Бөлісу:
Бүгін тек Теміртаудың ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 9 қыркүйекте Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты.

Мәліметке сүйенсек, бүгін ауа сапасы тек бір қалада – Теміртауда ғана нашарлайтыны күтілуде. Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы