Қазақстанда құрылыс саласы қызметкерлерінің күні аталып өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құрылыс саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде тойланады. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысымен бекітілген.
КСРО ыдырағаннан кейін кәсіби мерекені Арменияда, Беларусьте, Қырғызстанда, Ресейде, Украинада құрылысқа тікелей қатысы бар барлық азаматтар жыл сайын осы күні атап өтеді.
Бұл мерекенің тарихы Кеңес Одағы кезінен басталады. 1955 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен жаңа кәсіби мереке белгіленді. Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін мемлекетті қалпына келтірген, Отан игілігі үшін еңбек еткен құрылысшылардың еңбегіне мемлекет тарапынан құрмет көрсетілді.
Дәстүр бойынша бұл күні немесе бір күн бұрын құрылыс саласының ардагерлері құттықталып, алдыңғы қатарлы құрылыс компаниялары мен салада еңбек сіңірген қызметкерлер марапатталады. Осы мақсатта «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі тағайындалды.