Бүгін қол қойылған заңдар Әділетті Қазақстан құрудың берік құқықтық іргетасы екені сөзсіз – Әшімбаев

5 Қараша 2022, 15:28
779
Бөлісу:
Бүгін қол қойылған заңдар Әділетті Қазақстан құрудың берік құқықтық іргетасы екені сөзсіз – Әшімбаев

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев маусым айында өткен республикалық референдумның нәтижесін іске асыру үшін қабылданған бірқатар заңға жария түрде қол қойды. Олардың қатарында «Конституциялық Сот туралы», «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Прокуратура туралы» сияқты конституциялық заңдар бар.

Осылайша билік тармақтары арасындағы байланыстың жаңа үлгісін қалыптастыруға және мемлекет басқару ісіне азаматтардың қатысуына жол ашуға мүмкіндіктер туып отыр. Сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығая түсті. Президентіміз атап өткендей, конституциялық реформа Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындайды. Бұл қадамдар соңғы үш жылдағы саяси өзгерістерді орнықтырып, мемлекетімізді одан әрі нығайту үшін мықты негіз қалады. Шын мәнінде, бүгін қол қойылған заңдар Әділетті Қазақстан құрудың берік құқықтық іргетасы екені сөзсіз. Алдағы уақытта Парламент Сенаты әділеттілік қағидатына табан тірей отырып, заңнамалық жұмыстарды жалғастыра береді, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы