Бүгін Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ұзақ серуендемеуге шақырады.

 BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 08:32
Бүгiн 2026, 08:32
94
Фото: BAQ.KZ архиві

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 6 сәуірге арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZү

Синоптиктердің мәліметінше, Теміртау, Қарағанды және Астана қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау, Қостанай және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеожағдайлар – ауада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін факторлар (тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия). Мұндай кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасы төмендеуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» аумағында ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жариялаған.

Наверх