Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады?

25 Наурыз 2023, 07:38
919
Бөлісу:
Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады?
Фото: baq.kz

25 наурыз, сенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап. 

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 25 наурыз, сенбіде еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Астана және Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы