Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

Мұндай кезде тыныс алу жүйесі аурулары бар адамдарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

 BAQ.KZ архиві Кеше 2026, 08:32
Кеше 2026, 08:32
229
Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін, 8 мамырда Алматы және Талдықорған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» мәліметінше, бұл күндері атмосфералық ауада зиянды заттардың шоғырлану қаупі жоғары болады. Мұндай жағдайға тынық ауа райы, әлсіз жел, тұман мен температуралық инверсия әсер етеді.

Мамандардың айтуынша, қолайсыз метеожағдай кезінде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе тыныс алу жүйесі аурулары бар адамдарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Наверх