Бүгін Павлодар облысында оқушылар мен студенттер онлайн оқуға көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірлік білім басқармасының мәліметінше, 11 наурыз күні бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары қашықтықтан білім алады.
Сонымен қатар колледждердің 1-2 курс студенттері де уақытша онлайн форматта оқиды.
Мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданған.