Бүгін партия өкілдері арасында пікірсайыс өтеді

1 Наурыз 2023, 13:05
1168
Бөлісу:
Бүгін партия өкілдері арасында пікірсайыс өтеді
Фото: «Qazaqstan» телеарнасы

Бүгін «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде партия өкілдері арасында пікірсайыс өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пікірсайысқа сайлауға түсетін 7 партия өкілі қатысады: 
▪️«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев,
▪️«Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, 
▪️«Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау, 
▪️Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков,
▪️«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев,
▪️«Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов,
▪️Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев.

Тікелей эфир уақыты: бүгін  20:30-да. 

Айта кетейік, пікірсайыс «Qazaqstan» телеарнасының You Tube, Facebook және Telrgram-арналары арқылы да тікелей трансляцияланады.

Өзгелердің жаңалығы