Бүгін - Халықаралық жастар күні

12 Тамыз 2023, 09:35
1645
Бөлісу:
Бүгін - Халықаралық жастар күні
Фото: Артём Чурсинов

Бүгін - Халықаралық жастар күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекіткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда Жастар күніне арнайы жеңілдіктер беретін "Jas Almaty" акциясы іске қосылады.

Мейрамханалар, кафелер, дүкендер мен демалыс орындары Халықаралық Жастар күніне орай 14 пен 35 жас аралығындағы адамдарға арнайы жеңілдіктер ұсынады. Акцияны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Алматы қаласы туризм басқармасының, Алматы қаласы еріктілер фронт-офисінің, Жастар ресурстық орталықтары мен "Атамекен" ҰКП, Көк-Төбе, Шымбұлақ ТШК және СОО қолдауымен ұйымдастырды.

Мәселен, "Jas Almaty" акциясы аясында 12 тамыз сағат 10.00-00.00-ге дейін "Көк-Төбе" фуникулерлерімен жүруге 14 жастан 35 жасқа дейінгі адамдар үшін 20% жеңілдік беріледі. 14 тамыз сағат 09.00-12.00 аралығында Шымбұлақ ТШК-да фуникулерлермен тегін жол жүру ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы