Бүгін - халықаралық сайлау күні

2 Ақпан 2023, 11:32
1624
Бөлісу:
Бүгін - халықаралық сайлау күні

Бүгін - халықаралық сайлау күпі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен отырысында комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол отырыстың ашылуында қатысушыларды бүгінгі атаулы күнмен құттықтады.

Халықаралық сайлау күнін бекітудің мақсаты – азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге және сайлау процестерін жетілдіруге бағытталған. Еліміздің сайлау ұйымдастырушылары бұл күнді кәсіби мереке ретінде таныды, - деп айтты Нұрлан Әбдіров.

ОСК төрағасының сөзінше, азаматтардың электралды мәдениетін арттыру мақсатында тиісті іс-шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналған.

Бүгін Халықаралық сайлау күніне орай ОСК заңгер, ғалымдар, жастар, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен сарапшылық кеңестің кеңейтілген отырысын өткізеді.

Биыл елімізде 19 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттары мен мәслихат депутаттарын сайлау өтетінін еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы