Бүгін «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан Президенттің эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі

29 Қаңтар 2022, 15:13
1660
Бөлісу:
Бүгін «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан Президенттің эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап береді, - делінген жазбада.

Өзгелердің жаңалығы