Бүгін елордадағы сноуборд алаңы пайдалануға беріледі

19 Желтоқсан 2020, 04:40
1199
Бөлісу:
Бүгін елордадағы сноуборд алаңы пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 желтоқсан күні елордада Nur-Sultan Snowpark алаңы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Бүгін 18:00 кезінде елордадағы Ататүрік саябағында Nur-Sultan Snowpark сноуборд алаңы ашылады. Бұл шара ашық ауадағы жаттығу форматында өтеді. Барлық санитарлық карантин талаптары сақталады. 

Nur-Sultan Snowpark – snowboard және freeski секілді қысқы экстремалды спорт түрлеріне арналған ашық спорт-жаттығу алаңы. Онда джиббинг спортымен де айналысуға болады. Жобаны іске асыруға астананың Байқоңыр ауданының әкімдігі және Қазақстан скейтбординг федерациясы қолдау көрсеткен. 

Өзгелердің жаңалығы