Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

15 Қазан 2022, 07:37
623
Бөлісу:
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

15 қазанда Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Теміртау және Өскемен (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Риддер (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы